15-17 маусым аралығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен жастармен, оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту семинарын өткізуде.
Семинар шеңберінде осы санаттағы жастарды есептеу және анықтау әдістерін енгізу, сондай-ақ халықаралық және отандық жұмыс тәжірибелерін зерделеу жоспарлануда. Ұлттық статистика бюросының, Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіруші агенттігінің және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары спикер болды. Нәтижелер бойынша осы топтың жастарына ұсынылатын қызметтер пакеті жасалады.