Бүгін NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша республикалық жобалық кеңсе негізінде орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Қатысушылап NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу әдістемесін апробациядан өткізу мәселесін қарастырды.
Атап айтқанда, жастар осы әлеуметтік топта уақытша болатынын ескеріп, NEET санатындағы жастарды анықтаудың мүмкін тетіктері ұсынылды. ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі түзеу мекемелеріндегі жастарды да қарастыруды және олардың мәртебесін анықтауды ұсынды.
Талқылаудың тағы бір маңызды бағыты NEET санатындағы жастардың базасын қалыптастыру және оларды одан әрі әлеуметтендіру шараларын қабылдау болды.
«Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошев NEET-жастармен жұмыс бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Егер NEET санатындағы жастарды аңыктау алгоритмі болмаса… Қалай табуды қарастырып…