Бірде Хасан Басриге бір кісі:
– Әй, Әбу Сағид, адамдар сенің мәжілісіңе келуде. Бірақ олардың мақсаты: тек қана сенің сөздеріңнен қате табу және саған сұрақ қойып аяғыңнан шалу ғой, – дейді. Сонда Хасан Басри күлімдеп:
– Сен қам жеп, қиналма! Мен нәпсіме жәннаттағы мекендер мен Рахманға көрші болуды уәде еттім. Нәпсім келісті. Мен нәпсіме адамдардың айыптауынан аман қалуды уәде еткенім жоқ. Себебі адамдардың Жаратушысы, Ризық берушісі, Тірілтушісі, Өлтірушісі болған Алланың өзі олардың айыптауынан аман қалмайтындығын жақсы білемін, – деген екен.
* * *
Бір риуаятта Имам Ағзам Ағмаштың жанына барғанда:
– Хадисте «Алла Тағала кімнің екі көзін алса, оның орнына ол екеуінен де жақсы нәрсемен ауыстырады» деген. Алла саған ол екеуінің орнына не берді? – дейді. Сонда Ағмаш әзілдеп:
– Алла Тағала ол екеуінің орнына жағымсыз жандарды көруден құтқарды. Сен де солардың бірісің, – деген екен (әзілдеп).
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ