Сұрақ: Нәпіл намазда қанша ракағатта сәлем бергеніміз дұрыс?
Жауап: Күнделікті бес уақыт парыз намаздан бөлек қосымша орындалатын нәпіл намаздар бар. Бұл нәпіл намаздар міндетті намаздарға жатпайды. Адам Алладан сауап үміт етіп орындайды. Олар:
Тахажжуд намазы – құптан мен таң аралығында оқылатын нәпіл намаз. Бұл намазды оқу үшін міндетті түрде бір ұйықтап тұру шарт.
Дұха намазы – күн бір немесе екі найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейін екі ракағатты нәпіл намаз.
Сәлем намазы – мешітке дәретпен кірген адам отырмай тұрып, екі ракағат намаз оқуы мұстахап.
Тәубе намазы – пендені Жаратушысына жақындататын ең төте жол және Алла тағаладан жарылқау тілеп тәубе етудегі нәпіл намаз түрі.
Қажет намазы – адамның шешілмей жатқан шаруасы, керекті қажеттілігі болған кезде екі ракағат намаз оқып Жаратушыдан сұралатын намаз түрі.
Дәреттен кейінгі намаз – дәрет алған немесе ғұсыл құйынған адамға екі ракағат намаз оқу мұстахап.
Күндізгі нәпіл намаздарды екі немесе төрт рәкәғат қылып оқыған дұрыс. Түнгі нәпіл намаздарын екі, төрт, сегіз рәкәғаттан, екі немесе төрт рәкәғатта бір сәлем беріп оқуына болады.
Икрам АЙТАЕВ