Сұрақ: Нан және тамақ қалдықтарын қандай жағдайда қоқысқа тастауға болады?
Жауап: Нығметтердің ішіндегі ең қадірлі әрі құрметтісі – ол нан. Пайғамбар (с.ғ.с.) «ең жақсы тағам» деп сипаттаған нан дастарханымыздың төрінен орын алатыны даусыз.
«Нанды қадірлеңдер, өйткені ол аспан мен жер нығметінен» (Бадруль-Муттақа).
Онымен бірге пайғамбар (с.ғ.с.) нанның қадірін білмегендердің аштықпен сыналатындығын да айтқан:
«Нанды қорлаған қауымды Жаратушы аштыққа ұшратады» (Бадруль-Муттақа).
Бұл хадис-шәрифтердің қаншалықты мағыналы екені және әсіресе, бүгінгі қоғам адамдары үші маңызды хабарлама екені анық. Ашаршылық дертінің келмесі үшін, молшылықтың қазынасы жабылмасы үшін осы нығметтің қадірін түсініп, нанның түйіріне дейін ысырап етпеуіміз керек.
Бірақ, әрине, жеуге жарамсыз, иістенген, бұзылған ашып кеткен, шіріген немесе денсаулыққа зиянын тигізетін тағамды қоқысқа тастауға болады. Себебі ол өзінің нығмет қасиетін жоғалтқан саналады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Ішінде қоспасы бар нанды ешкімге унаған жоқ дәмі. Үйде тұрғанына біраз болды ешкім жемейді. Қоқысқа тастауға қорқамын.