«Уақиф» – араб тілінде қамау, қозғалыстың алдын алуды және иммобилизация деген мағыналарда қолданылады [1]. Ислам құқық терминологиясында уақып: «Бір жылжымайтын мүлікті толығымен беру немесе толық қамтамасыз ету» [2] мағынасында қолданылған. Экономикалық тұрғыдан уақып жеке жұмыс және еңбекқорлық арқылы алынған мүмкіндіктер мен активтерді бөлуді қарастыратын құқықтық жүйе [3] мағынасында да қолданылған.
Әлемдік және ислам тарихында ынтымақтастық пен татулықты институционалдық нұсқасы ретінде уақып – бір мақсатта қызмет ететін, әрі осы бағыттағы барлық адамзаттың бақытты болуын көздейтін жүйелердің жиынтығы.
Ислам тарихында алғашқы уақып жүйесінің негізінде берілген мүлік Хз. Омарға Хайбарды жаулап алғаннан кейін, оған олжа ретінде түскен жердің сатылмауын және мұра ретінде қалмау шартын қосып, кедейлердің және азаматтығы жоқ адамдар мен қонақтарға және Алла жолында жүргендердің пайдалануы үшін берілген алғашқы жылжымайтын мүлік ретінде тарихта қалған [4].
Ислам әлемінде және Орта Азияда уақыптың кең таралуы мен іргетасының кеңеюіне пайғамбарымыздың хадистерінде «зекет», «жақсылық», «қайырымдылық» және «өмір үшін күрес» деген насихат сөздері негіз болған.
Ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде қоғамға жасалған қайрымдылық жайында былай дейді: «Пенде бақилық болған кезде, оның бұл өмірдегі амалы толығымен тоқтайды. Алайда, пенденің үш жасаған амалы тоқтамайды. Қоғамдық садақа, пайдалы білім және салиқалы ұрпақ» [5], «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны. Жақсылықтың ең жақсысы – Алла жолында жасалған жақсылық. Қордың ең жақсысы – көпшіліктің қажеттілігіне жауап беретін қайырымды амалы» [6].
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақ жерінде де көптеген қоғамға пайдалы қызметтерді атқару үшін бірнеше уақыптың іргетасының қаланғанын білеміз.
Бұның бірғана көрінісін айтар болсақ, Құнанбай қажы Өскенбайұлы (1804-1885) қажылық парызын өтеу мақсатында 1874 жылы Меккеге барады. Осы сапарында қазақ топырағынан Мекке қаласына келген мұсылмандар үшін арнайы қонақ үй салдырған. Ол қонақ үйдің атын «Тақия» деп атайды. Бұл қазақ даласынан шыққан Абыз ақын, әрі ойшыл жайында Қазан Татарлары тарапынан 1883 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Маңызды мәселелер» деген кітабында нақты көрсетілген [7].
Құнанбай заманының бақуатты болуымен қатар, шариғаттың негізгі мақсаты мен мәнін білгенін осы қайырымдылық әрекетінен байқауға болады. Өйткені, жасаған қайырымдылығы жылжымайтын мүліктен және қоғамға ашық болуымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, құрылған қайырымдылық қорларының мақсаты қоғамда тепе-теңдікті орнату және әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ету, қоғамдағы татулықты сақтау, тапшылық (кедейлік) қақтығыстарын болдырмау, саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамның кедей бөліктері мен қалталы азаматтар арасында көпір болып, жергілікті биліктің қызметіне септігін тигізу болып табылады.
Сонымен қатар, қайырымдылық қорлардың құрылуындағы негізгі мақсат – ынтымақ пен татуластық.
Бұл көрініс қазақ қоғамында туған-туыстың көп болуы және қонақжайлылық дәстүрлерінде көрініс табатын әлеуметтік ерекшелік болғандықтан, қайырымдылық пен ынтымақтастық туралы түсінік мұсылмандық сипатпен біте қайнасқан.
Сондай-ақ, қайырымдылық қорлар тек адамдарға қызмет ету мақсатында құрылмайды, жануарлар мен құстарды қорғау мақсатында да құрылады.
Қорытындылай келе, бүгінгі таңда жергілікті билік тарапынан қамтамасыз етілген көптеген қоғамдық мәселелер, ислам тарихында жергілікті тұрғындар тарапынан құрылған қорларды, бай бақуатты жандар тарапынан қамтамасыз етілген.
Жергілікті халықтың белсенділігімен құрылған мекемелер мен қорлар мәдениет пен дәстүрді, дін мен ділді ұштастыра отырып діттеген мақсаттарына жете білді.
Осы себептен де, мұсылман дінін ұстанбаған немесе мұсылман дініне түбегейлі қарсы болған бір халық жоқ деуге әбден мүмкін екенін айта аламыз.
Исатай Бердалиев,
Ислам құқық ғылымдарының докторы
[1] Әбу т-Таһир Мәждуддин б. Якуб б. Мұхаммед әл-Фирузабади, (ө. 817/1415), Әл-Қамусу л-Мухит, «у» бабы.
[2] Исмайл бин б. Хаммад әл-Жәуһари (ө. 400/1009), Тажу л-Луға, бет 816.
[3] Зекиуддин Шағбан, Ислам Құқық негіздері, бет 486.
[4] Элмалылы Хамди Яазар, Ахкамул Ауқаф, бет 119-120; Ислам Энциклопедиясы «Хз. Омар» бөлімі.
[5] Сахиһ Муслим «Садақа» бабы.
[6] Бұхари «Зекет» бабы.
[7] Тұрсын Жұртбай, Құнанбай (Жәбір сұлтаны) https://abaialemi.kz/post/view?id=910