Сұрақ: Намазды бұзатын қандай амалдардан сақ болғанымыз дұрыс?
Жауап: Исламның бес парызының бірі – намаз. Намаз оқу – адам баласы үшін маңызды құлшылықтың бірі. Намаздың өзіне тән уақыттары бар. Алла үшін ең сүйкімді амалдардың бірі – өз уақытында оқылған намаз. Алла Құран аятында: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда парыз етілді» деген. Намазды бұзатын мына амалдарды ескергеніміз жөн:
– намазда сөйлесу. Намазда әдейі немес жаңылысып сөйлеуге болмайды;
– намазда ішіп-жеу;
– қатарынан бірнеше рет іс-әрекет жасау:
– намазда жасалған көп қимыл;
– себепсіз кеудесімен кұбыладан басқа жаққа бұру;
– әурет жерінің төрттен бірінің ашылуы;
– намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы.
– дауыстап күлу;
– талып қалу, ақылынан адасу;
– намаз ниетін ауыстыру;
– намаздың бір парызын тастау.
– таяммуммен намаз оқыған адам, пайдалануға шамасы келетін суды көрсе, намазы бұзылады;
– намаз бітпей жатып сәлем беру;
– парыз, уәжіп намаздарының уақыты шыққанда.
– мәсіге тартылған мәсіх уақытының аяқталуы.
– намаз оқып жатқан кiсiнiң, басқа бiреу түшкiргенде «Жәркімалла» деп айтуы.
– басқаның сәлеміне жауап беру;
– денесіне не киіміне сұйық нәжіс тисе;
– намазда қайғылы, жаман хабар естігенде “Инна лиллаһ уә инна илайһи ражиьун” деп айту; т.б.
Икрам АЙТАЕВ