Сұрақ: Намаз оқып отырып шошып кеттім. Намазым бұзылды ма?
Жауап: Намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше әрекеттер мен сөздерден тұратын ғибадат. Намаздың парыздығы Құран кәрім мен сүннет дәлелдерімен бекітілген. Намазда шошып кетсе, намаз бұзылмайды. Егер қатты қорқып дүниелік сөздер айтып құбыладан кеудесін бұрса бұзылады. Тек қана жүзін еріксіз бұрса, дереу құбылаға қайта қарауы керек.
Ханафи мәзһабында намазды бұзатын нәрселер:
– дүниелік сөздер сөйлеу;
– өзі еститіндей дәрежеде күлу;
– көп қимыл жасау;
– дүниелік істер үшін дауыстап жылау;
– себепсіз жөтелу;
– сағыз шайнау;
– біреумен қол алысу;
– саналы түрде біреудің сәлеміне жауап беру;
– имамнан ілгері тұру;
– шаш пен сақалды тарау;
– баласын құшақтау;
– бір нәрсе жеу немесе ішу;
– намаз ішінде түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу;
– басқа біреудің айтуымен орын ауыстыру;
– жабық тұрған есікті ашу;
– әурет жерiнiң ашылуы. т.б.
Икрам АЙТАЕВ