Сұрақ: Намазда маңызды адамның қоңырауына жауап беруге бола ма?
Жауап: Намазға құлақ қағып кергеннен кейін адам бұл дүниелік істерді уақытша тәрк етті деген сөз. Егер адам намазда тұрып қандайда бір дүниелік амал жасаса немесе сөз сөйлесе, онда намаз бұзылады. Бұл жерде күтіп отырған хабардың маңызды немесе маңызсыз болуы рол ойнамайды.
Сол үшін намаз оқитын адам намазды бастамай тұрып, жан-жағына бір назар салғаны дұрыс. Мысалы, электрлі плитаны өшіріп қою, теледидар немесе ұялы телефонның дауысын басу, есікті құлыптау немесе ашып қою деген сияқты т.б. Намаз барысында кедергі келтіруі мүмкін дүниелердің алдын алуы қажет болады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ