Сұрақ: Намазда көздің назары қайда қарап тұрғаны дұрыс?
Жауап: Мұсылман адам намазын шынайы ықыласпен орындағаны абзал. Намаздың шынайылығына әртүрлі ойлар мен іс-әрекеттер кедергі келтіреді. Қиям, рукуғ, сәждеде көздің назары мынадай жерлерге қарағаны дұрыс:
– тік тұрған сәтте көздің назары сәжде орнында;
– рукуғта көздің назары екі аяқтың ұшында;
– сәждеде көздің назары мұрынның ұшында;
– намаздың отырысында көздің назары тізесінде;
– екі жаққа сәлем бергенде көздің назары иыққа қарағаны дұрыс;
– намазда көзді жұмып алуға болмайды;
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінде: «Әй Анас, көзіңді сәждеге баратын жеріне тік!», «Қашан араларыңдағы біреулерің намазға тұрса, көзін жұмып алмасын» деген.
Икрам АЙТАЕВ