Намаздардан кейін истиғфар айту сүннет амалына жатады. Себебі, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем беріп намаздан шыққан соң үш рет «Астағфирулла, Астағфирулла, Астағфирулла әл-азим уә әтубу иләйһи» деп истиғфар айтып «Аллаһумма әнтас-сәләм уә минкәс-сәләм…» деген дұғаны оқыған.
Намаз соңында истиғфар айтудың өзіндік бір хикметі бар. Біз намаздарымызды кемеліне жеткізіп, Жаратушы Хақ құзырында қабыл болатын деңгейде орындай алмауымыз мүмкін. Сол үшін айтылған истиғфар арқылы намаздағы кемшіліктер үшін Алладан кешірім тіленеді.