– Сен кімсің және мұнда қайдан келдің? – деп сұрайды.
Ібіліс малғұн:
– Мен сенің жолдастарыңның кеуделеріне мазасыздық кіргізіп, олардың жүректерін алып, саған тек денелерін қалдыру үшін келдім, – дейді.
Нұх пайғамбар:
– Жоғал бұл жерден, малғұн! – деп дауыстайды.
Шал кейпіндегі Ібіліс:
– Адам баласын бес нәрсе құртады. Мен саған соның үшеуін айтайын, – дейді.
Осы уақытта Алла тағала Нұх пайғамбарға: «Саған ол үш нәрсе керек емес, одан қалған екеуін сұра» – деп уахи жіберіпті. Нұх пайғамбар Ібілістен қалған екеуін айтуын сұрайды.
Ібіліс малғұн:
– Адамды қызғаныш және құмарлық құртады. Адам жұмақ бақшаларына кіргізілді. Алайда мен құмарлықтың арқасында Адамды азғырып, керегіме қол жеткіздім, сөйтіп, ол жұмақтан қуылды – депті. (Пайғамбарлар қиссасы кітабынан).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ