Каир қаласында «Жаһандық әлемдегі пәтуа және әдеп негіздері» атты халықаралық конференция өтті. Оған Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚМДБ өкілдері, ислам ғалымдары, мүфтилер және дінтанушылар қатысты.
Конференция тәжірибе алмасу және діни саланың өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.
Сапар аясында «әл-Азхар» университетінде діни білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өтті. Қатысушылар діни білім беру мәселелерін талқыға салды.
Сонымен қатар МАМ Дін істері комитетінің өкілдері мен ҚМДБ теологтары Мысырдағы уәкілетті мекемелермен кездесіп, діни қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе, өзара пікір алмасты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі