Ислам діні қазақ халқының тыныс-тіршілігімен біте-қайнасып жатыр. Бұны ұлттың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен төл тарихынан аңғаруға болады. Діні мен ділін ұштастырып, қазақи болмысты ұрпақтан ұрпаққа ұмыт қалдырмай жеткізе білген бабалар аманаты – асыл дініміздің қазақ жерінде кеше пайда болмағанын көрсетеді.