Сұрақ: Мұсылман үшін барлық жағдай қайырлы ма?
Жауап: Расында да бұлай айтуға дінде негіз бар. Иманның бір шарты – жақсылық пен жамандық. Ол бір Алладан екеніне сенеді. Сол үшін мұсылман адам жақсылық та, жамандық та Алладан деп иман келтіреді. Демек, оның өміріндегі барлық жағдай Алланың қалауымен болады. Егер мұсылманның алдына мақсат қойған дүниесі орындалмаса, онда Алла білуші яғни, ол жағдай сол адам үшін қайырлы болғаны. Сухайбтің риуаяты бойынша, Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Мүміннің жағдайы қандай керемет! Әр жағдай ол үшін қайырлы және ол нәрсе тек мүмінге ғана тән. Басына бір жақсылық келсе, шүкір етеді; бұл ол үшін қайырлы. Ал басына бір іс түссе, сабыр қылады; мұнда да ол үшін бір қайыр бар», – деген (Мүслім). Мұсылман пайдаға кеңелсе, қолы жеткен жетістігі үшін қуанады. Ал өмірлік сынаққа, машақаты мен қайғыға жолықса, сабыр етіп, сауапқа кеңеледі. Осылайша ол өмірдің әрбір сәтін тиімді қолданып, пайдаға бөленген болып саналады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ