Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Шын мәнінде Алла сендердің дене бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің жүректеріңе және амалдарыңа қарайды»,– деп жеткізді. Дегенмен, бүгінгі қоғамның кейбір жастары сыртқы келбетке ғана мән беріп, ішкі тазалықты, рухани байлықты ұмыт қалдыруда. Соның салдарынан теріс пиғылды діни ағымдардың құрбаны болуда.
Дәстүрлі емес жат діни ағымның жетегінде кетудің басты себептерін атап айтар болсақ, біріншіден діни сауатсыздық. Жат діни ағымның жетегінде жүргендердің санының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан
Дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – біз ұстанған ислам дінінің басты мұраты, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу керек
Тәуелсіздік алғаннан бері имамдардың біліктілігін арттыру бойынша үлкен жұмыстар аткарылуда
Деструктивные религиозные течения представляют угрозу общественной безопасности, институту брака и семьи, физическому и психическому здоровью человека
Жаһанданған заманда біздің елімізде діни сенім бостандығы бойынша әркім қай дінді ұстанса да өз еркі. Мемлекет діннен бөлінген. Ал осы басқа деструктивті ағымдардың іс-қимылынан біздің дінімізге сыни кертартпа көзқарастар шығуда. Соның салдарынан исламофобия ұғымы шыққан. Бұндай кедергілерден әрине біз өзіміздің ұлттық құндылығымыз және сауатты, білімді ұрпақтарымыз арқылы ғана шыңдалып, шыға аламыз.
Қазіргі таңдағы ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстары жалпы өз нәтижелерін оңынан беруде. Тек әр адам жат ағымнан және жат ағым өкілінен өзін және айналасындағыларды алшақ ұстаса, діни сауатын арттырып, қоғамға шынайылықпен қараса өзгенің қарамағында қарц ұстап жүрмес едік.
Дін – қоғамға әсерін тигізуші негізгі күштердің бірі. Сондықтан жастардың бойына жат ағымдардың емес, таза исламдық идеологияны сіңірудің маңызы зор.
Иә, қазіргі таңда көп жастардың сырт келбетті бірінші орынға қоюының салдары тура жолдан адасуларына алып келіп жатқандығы өтірік емес. “Тәрбие – тал бесіктен” демекші буыны енді ғана бекіп келе жатқан жас буынның санасына үйіндегі тәрбие мен түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Сондықтан да, әр отбасы тәрбиесінде адамның сырт келбеті емес, ішкі жан-дүниесінің маңыздылығы насихатталуы керек.
Сыртқы сұлулықтың соңынан қуып ішкі тазалықты, рухани байлықты ұмыт қалдыруға болмайды. Қай кезең де, қай ғасырда болмасын адамзаттың ішкі жан-дүниесі мен адамгершілігі өз құнын жоғалтпауы қажет.
Бүгінгі қоғамның кейбір жастары сыртқы келбетке ғана мән беріп, ішкі тазалықты, рухани байлықты ұмыт қалдыруда. Соның салдарынан теріс пиғылды діни ағымдардың құрбаны болуда. Иә, мұнымен келіспеске болмас. Себебі, тап осы мәселенің қоғамда өзектілігі артып бара жатыр. Жастардың көпшілігі сырт келбет пен жеңіл байлыққа құмартып, теріс пиғылды діни ағымдар арбауына оңай түсіп жатыр. Бұл әрине алдын алмаса ушығып жатыр. Сол себептен жастар санасына рухани байлықтың маңызын мықтап сіңіре түсу керек.
Нет необходимости делиться по внешности, каждый человек уникален, в нашем обществе нет места дискриминации.
Қазіргі таңда құдайға шүкір дұрыс діни сауаттылықты беретін орындар көп және іс шаралар ұйымдастырылуда, ислам дінінде әрине ең алдымен рухани байлық ішкі тазалық, дінді шынайы түсініп қабылдаған адамдарға бұл белгілі нәрсе, көбісі осыны ұғынса екен деймін.
Қазіргі таңда діни білім беретін мемлекеттік мекемелер, сондай- ақ ресми интернет сайттар бар. Жастар діни сауат ашарда тек осындай ресми қайнар көздерге жүгінген жөн.
Адамның жүрегі таза,жасаған амалы адал болса онда ол рухани бай адам. Сыртқы келбет қазіргі сәнде шығар, дегенмен таза жүрек өмір бойы өз сәнін жоғалтпайды!
Жан тыныштығын табу үшін жан-дүниең рухани бай, іштей таза болуы керек. Ал,сырт келбел ол уақытша ған нәрсе…
Шынайы сенуші үшін сырт келбет бірінші орында тұрып , аса маңызға ие болмауы тиіс. Өйткені , сенім деген рухани күш ішкі жан – дүниеден бастау алады.
Жастардың діни сауат ашу барысында ресми, мемлекеттік нысандардан білім алуы аса маңызды.
Сырт келбет маңызды емес деп жатамыз бірақ бұл жерде Аллах бізге амант қылып берген әрбір мүшемізге тазалықпен, киімімізге, жүріс тұрысымызға, хош иіс шығу бұғанда мән берген жөн. Қалай болса солай жүру дұрыс емес деп ойлаймын.. ішкі жан дүниен жақсы рухани байляққа толып тұрса сыртқа сол нұр болып шығып тұрады..