Швециялық мұсылман белсендісі Ахмед Аллуш Стокгольм басшыларынан Израиль елшілігі алдында Інжіл мен Тауратты өртеуге рұқсат алады. Құран өртеу оқиғасына қарсы жауап ретінде қарастырылған бұл іс-шарада мұсылман жігітің ойы басқа еді.
Елшілік алдына қолына Інжілді ұстап келген Ахмед: “Мен мұсылманмын. Біз қасиетті мәтіндерді өртемеймін” деп мәлімдеді. Ол көктен түскен кітаптардың қай-қайсысын да өртеп, наразылық тудыруға, арандатушылық әрекеттерге баруға болмайтынын айтты.
Бұған дейін тағы бір швед белсендісі Құран өртеуге рұқсат алғанымен, алаңға барып қасиетті кітаптың орнына НАТО жарғысын жаққан еді.