Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылман ғалымы жын шақыратын медиумды қалай тәубеге келтірді?

27.03.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
511
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

20 ғасырдың басында бір мұсылман ғалымы Мысыр елінен Еуропаға саяхаттап барыпты. Сол жерде көпшілік спиритизм (рухтармен байланысу) іліміне көп қызығушылық танытып жатқанына куә болады.

Бұлардың ілімі қате, адастырушы екенін дәлелдеп беру үшін солардың сеанс өткізетін жеріне барады. Сеансты жүргізіп отырған медиум адамдарды дөңгелек үстелге отырғызып, қараңғы бөлмеде шамдарды жағып қойып, әртүрлі рухтарды  «шақырады» екен.

Үстел басында отырған әр адам ата-анасын, туысын немесе қайтыс болған бір тұлғаның рухын шақыртады. Кезек мұсылман ғалымына келгенде, ол сеансты жүргізуші медиумға:

– Маған Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рухын шақырып беріңіз, – дейді.

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік

24.02.2026
Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық

Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық

24.02.2026

Медиум біраз уақыт селкілдеп, шамдары сөніп, есі шығып:

– Ол – ұлық рух екен, оны біз шақыра алмаймыз, – деп жауап береді.

Сонда мұсылман ғалымы:

– Алла Тағала адамзатқа бізден бұрын келген діндерде де, бізге түскен Құранда да рухтар жөнінде аз ғана білім берген және бұл тақырыпқа кіруден қайтарған. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, мені көргені. Менің бейнеме шайтан кіре алмайды», – деген. (Бухари)

Сондықтан Сіз рухтар деп айтып отырған нәрсе – ол жындар әлемі. Жындар адамдар сияқты әлем, олардың да иман еткендері, кәпірлері бар. Жындардың адамдар жөнінде мағлұматы бар. Олар осындай медиум, бақсы-балгерлерді рухтар болып адастырады.

Ал осы хадистен түсінетініміз, олар адамның түсіне, не өңіне, не әр бейнеге кірсе де, біздің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бейнесіне кіре алмайды. Яғни, олар рухтар емес, жындар екені анық. Сол себепті, осы медиум оны шақыра алмады, – деп жауап беріпті.

Қазіргі кезде де спиритизм ілімі басқа атпен әлеуметтік желілерде қайта жаңғырып жатыр. Солардың сөзіне сеніп, көптеген адамдар адасушылыққа түсіп, елді де азғыруда.

Алла баршамызды тура жолында жүргізіп, адасудан сақтасын!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: жын-шайтанҚуат Қабдолдасекта
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Заңсыз миссионерліктің залалы
Видео

Заңсыз миссионерліктің залалы

24.02.2026
Ұлттық танымды жоюшы ағым
Видео

Ұлттық танымды жоюшы ағым

06.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны өсіп келеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    119496 бөлісті
    Бөлісу 47798 Твитерге 29874

Соңғы жарияланымдар

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік
Қоғам

Қазақы болмыс және азаматтық жауапкершілік

24.02.2026
Рамазан: вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді
Жаңалықтар

Рамазан: вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді

24.02.2026
Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық
Сұхбат

Кенжетай БАЙКЕМЕЛҰЛЫ: Ораза – адамның рухын тазартатын құлшылық

24.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00