Малайзияда бірқатар қылмыс түрлері бойынша өлім жазасы қолданыламайтын болды, соның ішінде есірткі саудасы, кісі өлімі мемлекетке опасыздық жасау және лаңкестік әрекет үшін қолданылатын өлім жазасы бұдан былай жаңа заңда қарастырылмаған. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Осы орайда бұрын оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен осынау елде 33 қылмыс түрі бойынша өлім жазасы қолданылып келгенін айта кету керек. Ал жаңа заңда 12 қылмыс түрінен өлім жазасын алып тастаған. Сонымен қатар, өлім жазасы қылмыстың жеті түрінен, соның ішінде адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау және қару-жарақ саудасы сияқты қылмыстар үшін жаза ретінде толығымен алынып тасталды. Жаңа заңнамаға сәйкес тиісті баптар бойынша өлім жазасын қолдану туралы шешім соттың қалауы бойынша қабылданатын болады. Бұдан бөлек, жаңартылған заңда ең ұзақ жаза өтеу мерзімі 40 жылдан 30 жылға қысқартылды. Бұған қоса, жаңа заңда өлім жазасын қолдануға рұқсат берілетін бап бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адамға қосымша кемінде 12 мәрте дүре соғылады.