Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Мұсылман дегеннің кім екенін білесіңдер ме? – дейді. Сахабалар:
– Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі, – деседі. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Мұсылман – өзге мұсылмандар оның қолынан және тілінен зиян көрмеген адам, – дейді. Сахабалар:
– Ал мүмін деген кім? – дейді.
– Мүмін – өзге мүміндер малдары мен жандары үшін қауіптенбеген адам.
– Ал мұхажир деген кім?
– Мұхажир – жаман істі тастап, одан сақтанған адам, – деп жауап береді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Бір кісі тұрып:
– Уа, Алланың елшісі, ислам деген не? – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Жүрегіңнің Аллаға бойсұнуы және қолың мен тіліңнің мұсылмандарға зиянсыз болуы, – деп жауап береді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ