Американдық мұсылман дәрігер Омар Атик онкологиялық науқастардан медициналық қызмет ақысын алмауға шешім қабылдады, өйткені олардың көпшілігінде ондай мүмкіндік жоғын түсінді.
“Уақыт өте келе мен емдеу ақысын төлей алмайтын адамдар бар екенін түсіндім”, – дейді доктор Атик.
Дүйсенбіде дәрігер пациенттеріне арнайы хабарламалар жіберді. Пәкістаннан шыққан американдық дәрігердің айтуынша, өткен жыл өте қиын болды және мұндай кезде пациенттерге қаржылай көмек көрсету керек-ақ.
“Қатерлі ісік – өте күрделі ауру, ал пандемия кезінде науқастарға одан да қиын”, – дейді мұсылман дәрігер. Жалпы алғанда, дәрігер 200 науқас төлеуі тиіс 650 000 долларды есептен шығарды. “Мен қарапайым дәрігермін, қарапайым адаммын, сондықтан мен бұл адамдарға көмектесе аламын”, – деді Атик.
Омар Атик бұл көмек науқастарға жаңа 2021 жылда үлкен үміт әкеледі деп сенетінін айтты. “Мен оларды жақсы көремін, қолымнан келгенше қамқор боламын және пациенттерім үшін бір нәрсе жасай алғаныма қуаныштымын”, – деді Атик.