Сұрақ: Мұсылман адам бүліктен (фитна) қалай сақтануы керек?
Жауап: Фитна арабтың «бүлік», «алауыздық», «бөліну» деген мағыналарын білдіреді. Бұл сөздің басқа да көп мағыналарыда бар.
Күн санап имандылыққа бет бұрып, Ислам дінініне деген құлшынысы артып, мешітке келушілер мен намазға жығылушылар санының көбейіп жатқаны белгілі. Алайда, Ислам атын жамылған діни ағымдардың мұсылмандардың арасына біздікі шариғаттан, сенікі «бидғат» деп, іріткі салып жүргені жасырын емес. Ал қоғамның тыныштығын бұзып, бүлік пен іріткі салушылыққа Алла қатаң тыйым салған.
«Бақара» сұресінің 217-аятында: «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр (күнә)», «Мәйда» сүресінің 64 аятында: «Алла бүлік шығарушыларды сүймейді», Әл-Имран сүресінің 103-аятында: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» деп қоғам ішінде бүлікшілік пен діни алауыздықтан сақтануға және ауыр күнә екенін ескертеді.
Икрам АЙТАЕВ