ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев Шиелі ауданына арнайы барып, мұқтаж отбасыға 447-баспана кілтін табыстады.
Аталмыш игі шараға Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Бақыт Ұлжаев, мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Жаңа пәтер иесі – Шиелі ауданы, Байсын ауылының тұрғыны. Ауыл имамы және ауыл халқының ұйытқы болуымен жағдайы төмен отбасы жаңа шаңыраққа ие болып, жомарт жандарға алғысын білдірді.
Еске сала кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қызылорда облысында күні бүгінге дейін мұқтаж отбасыларға 47 баспана берілді.