2022 жылдың 18 қазан күні Мұнайлы ауданы, “№13 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қажымұқан Бектуров, “Отпан” ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының маманы Дәуіт Жайшылықов, Қызылтөбе ауылдық “Әл-Хаким” мешітінің найб имамы Байбозов Дінмұхаммедтің қатысуымен “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты – деструктивті діни ағымдар мен терроризмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болатын.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша “Отпан” ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы дайындаған таратпа қағаздары (брошюра) таратылды.
Жиын соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Алдағы уақытта басқада мектептерде ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмыстарын жалғастыратын болады.
@munaily_13mektep_gymnasium