Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында тілмен иман келтіргенімен, жүрегімен шынайы иман етпеген бір топ екіжүзді адамдар болған. Дегенмен, бұны ардақты пайғамбарымыз бен оның көзін көрген кейбір сахабалар ғана білген. Бүгінгі күні біреуге «мұнафық» деп айып тағуға ешкімнің құқы жоқ. Себебі, адамның жүрегіндегісі Аллаға ғана мәлім.