Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Әбделсалам елімізде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы әлемдегі мұсылман бауырларымыз тап болып отырған қиыншылықтарды шешуге үлес қосудың жақсы мүмкіндігі екенін айтты.
“Қазір дүниенің әр қиырында түрлі қақтығыстар, басқа да қиындықтар болып жатыр. Біз кейбір мемлекеттерде мұсылман бауырларымыздың басына бұлт үйірілгенін көріп отырмыз. Оларға қол ұшын созу үшін не істей аламыз? Осындай іргелі жиындар барысында біз қолымыздан келетін барлық шараны қарастыруымыз керек” деді ол.
Сондай-ақ Мұхаммед Әбделсалам діндер съезі хатшылығының отырысын жоғары деңгейде өткізіп жатқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.