Сұрақ: Мұғтазилә ағымы қалай пайда болды?
Жауап: Муғтазила – діни-философиялық ағым. Оның негізін Уасил ибн Ата мен Әмір ибн Убайда. Бұлар кезінде Хасан әл-Басридің шәкірттері болған.
Бір күні Хасан әл-Басри мешітте дәріс беріп жатқанда тыңдаушылардың бірі: «Бір топ адамдар үлкен күнә жасаған мұсылманды кәпірге шығарады. Ал енді басқа топ үлкен күнәнің мұсылман адамның иманына зияны жоқ деп айтады. Сіз осыған қатысты не айтасыз?» – деп сұрақ қояды.
Сонда Хасан әл-Басри жауап бермей тұрып, шәкірттерінің бірі: «Үлкен күнә жасаған адам шынайы кәпір емес, толық мұсылман да бола алмайды, Бірақ, ол осы екеуінің ортасында» – деп пікірін айтады.
Сөйтіп, ол өзінің осы пікіріне қызығушылық танытқандарды жинап, мешіттің бұрышында түсіндіруге кірісіп кетті. Сол кезде Хасал әл-Басри оларға қарап тұрып: «Иғтазала Василь ғанна» (Уасыл бізден бөлініп кетті) деп айтқан екен. Осылайша мұғтазила ақидасының негізі қаланады.
Қалай болғанда да бізге жеткен деректердің негізі – Уасил ибн Ата мен Әмір ибн Убайда муғтазила ағымын қалаушылар екенін көрсеттіп отыр. Уақыт өте бұл ғалымдардың пікірі көпшілік мұсылмандар мен дін қайраткерлері, ғалымдарының арасында қолдау таппаған соң, өмірі ұзаққа созылмады. Белгілі дәуірлерде көтеріліп, бір дәуірлерде қуғынға ұшырады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ