Мисуакты қолдану – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардан қалған сүннет амал. Айша анамыздан жеткен риуаят бойынша, пайғамбар (с.ғ.с.) мисуак жайында былай деген: «Мисуак – ауыз қуысының тазалығы және Алла Тағаланың ризалығы».
Сондай-ақ, келесі хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Егер мен үмметіме қиын болады деп қорықпағанда мен оларға мисуакты әр дәреттен кейін пайдалануға бұйырар едім» деген. Осыдан кейін мисуакты қолдану әр мұсылман үшін ерекше сүннет амал екенін ұғына түсеміз.
Қандай дертке шипа?
Жуырда АҚШ ғалымдарының зерттеуінше, «арак» деген ағаштан алынатын мисуак таяқшасы тістің мықты дамуына өте жақсы пайдасын тигізеді екен. Мисуакты жиі пайдалану арқылы сіз тіс қуысындағы 80 % микробтарды жойып, тістің қызыл етін нығаюына көмектесесіз. Бұл өз кезегінде кез келген тіс пастасынан әлдей қайда жақсы, дейді ғалымдар.
Бұған қоса, мисуак тек тіске ғана емес, сондай-ақ, тамақ ангинасы мен жүрек ақауының да алдын алады екен.
Сонымен қатар, мисуакпен тістің қызыл етін ақырын массаж жасау арқылы біз қызыл ет арасында қанның жүру процесін жеңілдетіп, тістің беткі жылтыр қабығын қатайтамыз.
АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, тістің өңезінде пневмонияға алып келетін микробтар болады екен. Осыған байланысты мисуак тісті түрлі микробтардан сақтау арқылы пневмония ауруының да алдын алатыны тағы бір дәлелденді.
Зерттеу нәтижесі:
Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, таяуда ғана Чехиялық «Yoni» фирмасы «тіс тазалаудың ең тиімді жолы» деген ұранмен арнайы мисуак шығаруды қолға алды.
Бұған дейін жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының тіс пастасы мен мисуак арасында жүргізген зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, мисуак тіс пастасынан қарағанда әлдеқайда тіске пайдалы екені дәлелденді. Осыдан кейін 1986 жылы аталмыш ұйым мисуакты тіс пастаның орнына пайдалануға кеңес берген.
Қолдануы:
Мисуакты әр құлшылық (намаз) алдында, іс-сапар алдында, жатар алдында және де тамақтан бұрын пайдаланған жөн.
Мисуакты тістің айналасына тигізіп, онымен тісті бірнеше қайтара айналдырып тазалап шығамыз. Сонымен қатар, тістің қызыл етін де батырмастан жайлап тазалауға болады. Мисуакты қай уақытта қолданса да оның пайдасы мол.
Дайындаған: Жалғас АСХАТҰЛЫ