Кеше Татарстанның Мемлекеттік кеңесіне (парламент) ел Конституциясына республиканың ең жоғарғы лауазымның атауын өзгерту туралы өзгерістер бойынша жоба енгізілді. “Татарстан Республикасының Президенті” сөзін “Татарстан Республикасының басшысы” сөзіне ауыстыру керек” делінген Мемкеңес сайтында жарияланған жобада.
Заң жобасын бір топ депутат енгізіп отыр. Ол кеңестің ертең өтетін отырысында қаралмақ.
Айта кетсек, өткен жылдың соңында Ресей президенті Владимир Путин ел аумағындағы ұлттық республикалардың басшыларына “президент” сөзін қолдануға тыйым салу туралы заңға қол қойған еді.
Соңғы жылдары “президент” атауы тек Татарстанда ғана сақталып отыр. Басқа ұлттық республикалардың бәрі одан бұған дейінгі жылдары бас тартқан.