Сұрақ – Милади жыл мен хижри жылдың айырмасы неде?
Жауап: Һижра арабтың – көшу, қоныс аудару деген мағынасында. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 622 жылы Мекке қаласынан Мадина қаласына қоныс аударған жыл. Екінші халиф Омар ибн әл-Хаттаб хижри жыл санауын тарихқа енгізген. Һижри күнтізбесі Ай фазаларының өзгерістеріне негізделген күнтізбе. Һижри айлары: Мұхаррам, Сафар, Рабиғул әууәл, Рабиғус сәни, Жумада әл әууәл, жумад ассәни, Ражжаб, Шағбан, Рамазан, Шәууәл, Зул-Қағда, Зул-Хиджа. Бұл айлар мұсылмандардың рухани өмірінде өзіндік қасиеттері бар.
Һижри күнтізбесінде бір жылда 354 немесе 355 күн болады. Біздің милади күнтізбемізде бір жылда 365 не 366 күн. Мұсылман күнтізбесі күнмен емес, аймен есептелгендігі себепті біздің қазіргі жылсанағымыздан біршама айырмашылығы бар. Осы себепті бір жылы 10, екінші жылы 11 күнге қысқа болып жатады. Жылда ораза айының 10 немесе 11 күннен жылжып отыру осыдан.
Икрам АЙТАЕВ