Ресейдің Қорғаныс министрлігі жанынан “2021-2029 жылдарға арналған ми, денсаулық, интеллект, инновация” федералды бағдарламасын дамыту үшін жұмыс тобы құрылды.
Оны жүзеге асыруға 54 млрд рубль қаражат бөлінген. Жобаның мақсаты – нейроинтерфейстер технологиясын дамыту (brain-computer interface, BCI). Бұл бағдарлама сыртқы құрылғылар арқылы электр сигналдарымен миды басқаруға мүмкіндік бермек, яғни аталған сигналдар жасанды интеллект технологиясы арқылы басқару пәрмендеріне айналады.
Жобаны Ресей ғылымдар академиясы мен Мәскеу мемлекеттік университеті бірігіп дайындаған. Наурыз айында оны ел президенті Владимир Путин мақұлдады. Жобаны жүзеге асыруды ол үкімет басшысы Михаил Мишустин мен президент әкімшілігінің жетекшісі Антон Вайноға тапсырды.
Қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, бұл бағдарлама әзірге тек бастапқы дайындық сатысында.