Елордасы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде орналасқан шаштараз орталығы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсету акциясын өткізіп келеді.
«Ерекше» жандарға арналған мұндай қызмет айына бір рет, әр айдың 1-і күні көрсетіледі. Өз істерінің шебері атанған Нұржанат Данияр мен Айбек Жұмағул Алланың беріп жатқан нығметтеріне шүкіршілік айтуымыз керек дейді. «Қазақ «Кең болсаң, кем болмайсың» дейді емес пе, Алланың берген ризығын, нығметін қызғанбай, кең бола білсең, жасап жатқан жалпы жұмысың да берекелі болады» дейді шаштараз Нұржанат Данияр.
Айта кетейік, 6 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан шаштараз орталығы өздерінің қызметіне жүгінген келушілердің арасында жүлделер ұйымдастырып тұрады. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын тұтынушылар арасынан кездейсоқ әдіспен таңдау арқылы бір адамды кіші қажылыққа жіберген болатын.