Башқұртстан Республикасында ашылған жаңа мешітке елдің бұрынғы ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Анас Хасановтың аты берілді.
“Аккуш-Хасания” деп аталатын Алла үйінің ашылуы алдында Уфадағы генерал жатқан қабір басында құран оқылып, ІІМ басшылығы мен туысқандары басына гүл шоқтарын қойып, тағзым білдірді.
Мешіт ашылған елді мекен Нижнехозятово ауылы – генерал Анас Хасановтың туған жері. Салтанатты іс-шара басында оның қызы Лилия Хасанова осы мешітті тұрғызуға атсалысқан әкесінің әріптестеріне, ауылдастарына, тауысқандарына алғыс айтты.
Жаңа құлшылық үйі башқұрт қоғамындағы құндылықтарды сақтау және бейбітшілікті дәріптеу жолында жұмыс істемек.