Өткен жылдың қысында Алматыда жас жігіт мешітке келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, олардың қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлаған. Оның қылмыс жасап жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Сот отырысы барысында азамат Т. кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.
Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды мешітке барғанда өз мүліктерін қараусыз қалдырмай, мұқият болуға шақырады.