Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына ресми сапармен келіп, қала тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді.
Кейін облыс әкімі Семей қаласындағы «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітке арнайы келіп, жаңадан салынған жаяу жүргіншілер көпірінің ашылу рәсіміне қатысты.
Даниал Кенжетайұлы мешіт жанынан ашылатын тағы бір жаяу жүргіншілер көпірі, хатымхана, діни сауат ашу ғимаратының жобасымен танысып, осы жылы көпір құрылысы басталатынын жеткізді. Сондай-ақ медресе мен хатымхана құрылысы Даниал Кенжетайұлының және демеушілердің қолдауымен биыл басталады деп жоспарлануда.