Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 21 мамыр күні Ақту қалалық «Бекет-Ата» мешітінде жамағат арасында «Жат ағым – жарға жығады» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы Төлепов жүргізді.
Ислам дінінің Қазақстан мен Орта Азия жеріне келуі атақты Кутейба ибн Муслимнің Мауереннахр жеріне енуімен байланысты. Сол заманнан бастап келген ислам дінінің Орта Азиялық діни жолы пайда бола бастады.
Ата-бабаларымыз қазақ жеріне келген исламның құлшылықтары мен ғибадаттарын Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы және имам Матуриди діни сенімі мектебі негізінде атқарды.
Сол себепті тарихи ерекшеліктерімізге байланысты елімізде дәстүрлі ислам діні түсінігі қалыптасқан. Дәстүрлі ислам діні – мемлекет және қоғам тарапынан ресми танылған, нақты қоғамда әлеуметтік-мәдени үстемдікке ие бағыт.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ жастары ислам дінін тереңінен оқу мақсатында Сауд Арабия, Египет, Ливия, Сирия, Пакистан секілді араб елдеріне аттанды. Діни сауаттарын ашып келген жастар ислам дінін тарату жолында ауқымды жұмыс жүргізіп, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтуға үлес қоса бастады.
Өкінішке орай, Қазақстан мұсылмандар қауымдастығы үшін дәстүрлі емес болып саналатын ислами бағытта білім алған жастар да болды. Олар қазіргі Қазақстанда кең өріс алған «Уахабилер» (сәләфилер), «Хизб-ут-Тахрир», «Таблиғи Жамағат», «Құраншылар» басқа сол сияқты өзге де дәстүрлі емес ағымдардың негізін салушылар пайда болды.
Семинар соңында діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені айтылды.