Ұлыбританияда мешіттердің бірі коронавирустық пандемия салдарынан өз ұжымының жартысынан айырылды.
Нельсон қаласындағы Гаусия мешітінің имамы Кари Халид Мехмуд қауіпті вирустің құлшылық үйінің ұжымына қандай қайғы-қасірет алып келгенін айтып берді. Оның сөзінше, мешітте жұмыс істейтін 8 адамның 4-і коронавирустан қайтыс болған. Олар – президент, қазынашы және 2 әкімшілік қызметкер.
Олардың біріншісі көктемде қайтыс болды, ал қалған үшеуі пандемияның екінші толқыны кезінде өмірлерімен қош айтысқан.
“Бұл кезеңдер бәріміз үшін қиын болды, – дейді имам Мехмуд. – Осы айдың басында біз мешітті жаптық. Ал оған дейін қатаң қадағалау шараларының арқасында жамағат ішінен коронавирус жұқтырғандар шыққан жоқ”.