Діни басқарманың жалпы мешіттерге бекіткен ережесі бар. Ол жерде көп мәселе қамтылған. Мешітке қалай келу керек, өзін қалай ұстау керек, т.б. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, аталған ережелер қатарында мешітте түнеуге болмайтыны, жамағатқа қолайсыздық тудырмау үшін аяқты созып жатпау, ханафи мәзһабының ұстанымы болған «әминді» іштей айту мәселесі де бар. Осы орайда мешіт құлшылық қылатын орын болғандықтан, жамағаттың ауызбіршілігін сақтау, басқаларға зиянымызды тигізбеу үшін тәртіпке, ауызбіршілікке бағыну керек.