Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау аудандық мешіттерінің қызметкерлеріне жер телімдері берілді.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен мешіттерде қызмет етіп жүрген 5 отбасына демеушілер тарапынан Алатау ауданы маңынан жер телімдері сыйға берілді. Дінге қызмет етіп жүрген мамандарды қолдау мақсатындағы айтулы шараға қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты.
«Халыққа аянбай еңбек етіп, жамағатты қасиетті Құран мен хақ Исламға баулу жолындағы қызметтеріңізге Алла сауаптан жазсын!» – деді бас имам. Сондай-ақ ол игі шараға атсалысқан демеушілерге, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен ауданның бас имамы Амантай Садиевке алғыс айтты.
Шара соңында балаларға ойыншықтар үлестірілді.