Елорда төрінде Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт бой көтеріп келеді. Сыйымдылығы 30 мың адам болатын бұл құлшылық орны 9,4 гектар аумақты алып жатыр. Бас қаладағы ерекше мешіттің құрылыс барысы туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтып берді.