Елорда мәслихатының депутатының мешіттерге, шіркеулерге және басқа да діни объектілерге жаңа мәртебе беру туралы мәлімдемесі желіде қызу талқылануда. Бұл бастаманы “М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗА” университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев көтерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” сайтына сілтеме жасап.
Депутат қолданыстағы мәдениет үйлері өз функцияларын ойдағыдай орындай алмайтынын атап өтті.
“Ол (мәдениет үйі) тек үйірмелер, билер, концерттер өткізу үшін ғана қажетті жер емес қой, дұрыс емес пе?! Менің ойымша бұл жерде аса маңызды мәселені пысықтауымыз қажет, ол – ұлттар арасындағы өзара қарым-қатынас. Менің ұсынысым мынандай, бізде мешіттер, шіркеулер, басқа да діни үйлер бар, осы ретте оларды тек діни объектілер ғана етіп көрсетпеу қажет. Негізінде, олар да мәдениет ошақтары ғой”, – деп мәлімдеді ол.
Депутат кеңес кезінде әр ауыл мен ауданда “ағартушы, идеологиялық жұмыспен айналысатын” мәдениет үйлері болғанын еске алып өтті.
“Неге мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдаланбасқа? Онда кітапханаларды жасақтайық. Неліктен онда діни қызметтен басқа, жалпы білім беру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес? Мен бұдан ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын”, – деп қосты депутат.