Жәннат бақшасы – шығыс жағынан мұсылмандар анасы Айша (р.а.) бөлмесімен, ал батысынан мінбермен және оңтүстігінен Пайғамбар (с.ғ.с.) михрабымен, ал солтүсігінде Айша (р.а.) анамыздың үйінің шетімен шектелесін қасиетті орын. Мешіттің осы жерін ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рауда – жәннат бақшасы деп атаған. Алла елшісі (с.ғ.с.):
«Менің үйім мен мінберімнің арасы жәннат бақшаларының бір бақшасы[1]»,-деп айтқан. Бұл құтты орынның жәннат бақшасы деп аталуын ғұламалар үш түрлі мағынаны білдіретінін баяндаған:
Бірінші: Шынайы бақыт және Алланың рақыметі түсуіне себеп болған мекен;
Екінші: Сол орында құлшылық ету жәннатқа кірудің бір жолы;
Үшінші: Бұл орын жәннаттан келген бір жер. Қиямет күні жәннатқа қайта кетеді,-деп түсіндірген.
Рауданың айналасында бірқатар белгілер бар. Олар:
- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) және екі досы Әбу Бәкір мен Омардың (р.а.) қабірі орналасқан қасиетті бөлме;
- Құбыла жақта Пайғамбар (с.ғ.с.) михрабы;
- Пайғамбар (с.ғ.с.) мінбері.
Рауданың ішінде мәрмәр таспен қапталған мешіттің басқа ұстындарынан ерекше ұстындар бар. Екі дүние сұлтаны мешітіне барған әрбір мұсылман жәннат бақшасында екі ракағат намаз оқып, дұға-тілек етуді армандайды.
KazIslam.kz