Деректерде кездескендей қиямет күні Алла Тағала:
– Менің көршілерім қайда? – деп сұрайтын болады.
Сол уақытта періштелер:
– Уа, Раббымыз! Саған кім көрші болуы мүмкін?! – дейді. Сонда Алла Тағала:
– Менің мешіттерімді тұрғызғандар (яғни үнемі жамағатпен бірге намаз оқитындар) – дейді.
Алла елшісі (с.ғ.с.) былай дейді:
«Мешіт – барша тақуа құлдың үйі. Алла Тағала мешітті үйіне айналдырған кісіге рақаттықты, рақымдылықты, Сырат көпірінен өтіп жәннатқа кіруді және Алланың разылығына бөленуді уәде еткен».
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ