Өзбекстан мүфтиі болған марқұм шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфқа бір адам келіп: «Құрметті шейх! Мен Сіздің атыңызды балама қойып едім. Бірақ, балам Сізге ұқсамай келеді. Бұл не себепті екен?» деп сұрайды.
Сонда шейх: «Ол мен сияқты Мұхаммед Садық болу үшін Сіз менің әкем Мұхаммед Юсуф сияқты болуыңыз керек. Менің әкем өзі тақуа болып, әр түні жүз рәкағат нәпіл намаз оқып, мен үшін: «Иә, Алла Тағала! Менің баламды дін ғалымы ете гөр» деп сұраған еді» деп жауап беріпті.
Қуат ҚАБДОЛДА