Күндердің күнінде ұрыс-керіс ауласы алшақтамайтын отбасы болыпты. Ол үйдің жаңа шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылары арасында үнемі жанжал болад екен. Ұрыстың басты себебі шаңырақта отырған жігіттің әкесі болатын. Келіні атасына қызмет етуден бастартып, есесіне күйеуінен күнде ұрыс естиді. Содан арада бірнеше жылдар өтіп, жігіттің жүйкесі тозып, ұрыстың басты себебіне айналған әкесін қарттар үйіне апрарып тастауға бел буады. Ертесіне әкесін жетектеп жігіт қарттар үйіне апарып, үйіне қайтып келеді. Үйге кірген бойда баласы алдынан жүгіріп шығып:
– Әке, атам қайда? – деп сұрайды. Әкесі:
– Балам, атаң енді бізбен тұрмайды. Ол – қартайған кісі. Енді өзі секілді құрдастары бар үйде бөлек тұрады, – дейді. Баласы:
– Ол қандай жер? Сіз маған мекен-жайын беріңізші, – дейді. Әкесі таңданып:
– Оны қайтесің? Барып атаңды зиярат жасамақшысың ба? – деп сұраса, баласы оған::
– Жоқ. Ертең сіз қартайғанда мен де сол мекен-жайға, сізді қарттар үйіне алып барамын, – деп жауап қатыпты.
Дәл сол кезде әкесінің бойы сыздап, істеген қателігін сезінген екен…
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы