Бүгін қызымның тойы. Ұзатып жатырмын. Он жыл бұрын апатқа ұшырап, лапылдап жанып жатқан минивэннан 14-жасар жеткіншекті құтқарып қалғаным бар еді. Дәрігерлер оған ешқашан жүре алмайсың деді.
Бастапқыда оның қалын сұрастырып жүрдім. Қызым менімен бірге бірнеше рет барған. Кейін менсіз баратын болыпты.
Сол кездегі қойылған диагнозға қарамастан бүгін сол жігіт аяғына нық тұрып, қызымның қолына неке жүзігін салды. Мен бақытты әкемін!