Күндердің күнінде бір ақсақалға жас жігіт келіп:
– Ата, мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Осы мен жақсы адамдардың қатарына жатамын ба әлде жаман ба? Қалай білсем болады?
– Егер сен ата-анаңа Аллаһтан дұға етіп, олар үшін ізгілік тілеп жүрген болсаң жақсы адамдардың қатарындасың. Себебі, ардақты пайғамбар с.а.у. айтып кеткендей ата-анасына дұға етуші – қайырлы ұрпақ саналады. Ал, егер ата-анаңа дұға жасаушылардан болмасаң жаман адамдардың қатарындамын деп біл, деген екен.
Хадис:
Ибн Омардан жеткен хадис бойынша ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар былай деген: «Аллаһтың алдында ең сүйікті адам – өзгелерге пайдысы тиген адам». ат-Табарани
Ибн Омардан жеткен хадис бойынша Ардақты Мұхаммед с.а.у. пайғамбар былай деген: «Аллаһтың алдында ең жақсы амал – өзгенің кеудесіне қуаныш ұялатқан амал». ат-Табарани
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы