Жамбыл облысы прокуратурасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 7 қараша күні Талас ауданы Қаратау қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында “Мемлекеттік қызметкерлерге дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары” тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Берлібай Жүсіп, аудан прокуратурасының прокуроры Дидар Краубеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысының м.а. Махмуд Аябекұлы және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Құлтаев Сержан қатысты.
Шара барысында егер дін қоғамда өзінің функциясын дұрыс атқарса, онда ол елде тыныштық, бейбітшілік орнайды. Алайда, қазіргі таңда елімізде түрлі теріс бағыттағы діни ағымдар баршылық. Бұлардың негізгі мақсаты халықтың ынтымағын бұзу.
Діни шиеленіс қоғам үшін қауіп төндіретін, азаматтардың денсаулығына, психикалық және әлеуметтік жағдайына нұқсан келтіретін, өздерінің діни қалауы мен көзқарасын мемлекеттің зайырлылық қағидаттарына және дәстүрлі рухани құндылықтарға қарсы қоятын, Қазақстан үшін жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға тән.
Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді.
Сондай-ақ семинар соңында діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.