Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 4 маусымда жарияланған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды.
Алдын ала қорытынды бойынша, АБҚО-на 67 үкіметтік емес ұйымнан 111 өтінім келіп түсті. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде – 33, орыс тілінде – 78 өтінім берілді.
ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға 89 өтінім конкурстың соңғы күні берілді.
“Орталық жұмысының үлкен жетістігі – қазақтілді өтінімдердің айтарлықтай өсуі. Егер ақпан айында өтінімдердің тек 16 %-ы қазақтілді ҮЕҰ-дан болса, қазір әрбір үштен бірі мемлекеттік тілде. Демек, біз дұрыс бағытты таңдадық», – деді АБҚО Басқарма төрайымы Лима Диас.
Қазіргі уақытта Орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау қағидалары бойынша және бекітілген гранттар жоспарына көзделген талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.