Радикалды діни ағым мүшелері өздерінің діни көзқарастарын жақтамағандарды кінәлап және айыптап шыға келеді. Мұндай көзқарас қоғам үшін қауіпті құбылыс екені белгілі. Және діттеген мақсаттарына жету үшін көп жағдайда жалғызбасты, өмірде орнын таппаған қыз-келіншектерді пайдаланады. Бұған халықаралық террорлық топтың сапына жер-жаһаннан қосылған нәзік жандылар дәлел. Бірі махаббаттан басы айналса, енді бірі отбасын тастап, Отанынан безген. Мамандар қыз тәрбиесі қатаң бақылауда болғаны дұрыс деп есептейді.